Қателесу, шатасу, жаңылысу, адасу, алжасу, жаңылу, жаңсақтау, шатастыру

lat: Qatelesý, shatasý, jańylysý, adasý, aljasý, jańylý, jańsaqtaý, shatastyrý

қарап. Ағат іс істеу, теріс жолға түсу. Сержант қателессе, бөлімше қырылады, - дейді командир (Б. Момышұлы). Менің ойым да, жағдайым да тіптен шатасты (С. Мыңжасарова). Әрине, мұндай есептен жаңылысу көп жабдықты атүсті жасауға әкеп соқтырған (I. Омаров). Мұндай арпалыс үстінде жас адамда толқу, адасу болмай тұрмайды (М. Иманжанов). Алжасып тұрған шығарсың, кім керек еді (X. Есенжанов). Жаза баспас жаңылып, Махаббат күші өктем ғой, Сарғая күткен сағынып, Ғашығы сырдың көктем ғой (Ә. Оңалбаев). Көз сүрініп, қол жаңсақтамас үшін қатар-қатар қамыс қада қағып қойған дұрыс (Б. Әбдіразақов). Бекет қартқа дұрыс мәлімет бермей, қасақана шатастырып отырған сияқты (К. Зәкенов).